Салынғанына 80 жылдан асқан көпқабатты 107 үйдегі жұрт үреймен өмір сүреді

549

Шымкентте салынғанына 80 жылдан асқан көппәтерлі 100-ден астам үй бар. Басым бөлігі апатты жағдайда деп танылған. Соған қарамастан, баспаналарды халық әлі паналап отыр. Себебі, көбінің басқа барар жері жоқ.  Ал, қала әкімдігі ескі үйлерді бұзып басқасын салуға асығар емес.

Салынғанына 80 жылдан асқан көпқабатты 107 үйдегі жұрт үреймен өмір сүреді Фото: Ontustik Tv

Бір кездері шаһар орталығындағы сәулетті ғимараттың бірі саналаған бұл үйдің жартысын қазір хайуандар мекендейді. Апатты жағдайда болғандықтан үй иелері көшіп кеткен. Басқа барар жері жоқтар амалсыздан осында бас сауғалап отыр. Ескі  үйдің шатырынан өткен қар мен жаңбыр суы ішке тамшылайды. Кірпіші мүжіліп, қабырғасы қақырап тұр.  

Қолда бар мәліметке сүйенсек Шымкентте тозығы жеткен және апатты жағдайдағы көпқабатты 107 тұрғын үй  бар. Дені қала орталығында.  

Өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған көп пәтерлі баспаналардың бірі мына үй. Әбден ескіргендіктен  ғимараттың іргетасы шөгіп, жерге кіріпкеткен.Ал ағаш баспалдақтары шіріп шетінен сынып жатыр. 

Қаладағы мұндай үйлерде негізінен тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар тұрады. Себебі, жалдау ақысы төмендеу. Арзан, бірақ қаупті.  

"Ғасыр жасаған үйлер ғой, алды 100 жыл, кейінгілеріне 70-80 жыл болған. Электр желілері де тозған.  Қашан өрт шығып кетеді деп үйреймен өмір сүреміз. Мұның жөнделгені дұрыс еді", дейді тұрғын Кенжехан Дүйсенбі.

Жауаптылардың айтуынша, қайта жаңарту бағдарламасы қолға алынған. Ескі үйлердің мәселесін шешуге арналған жоба биыл басталады. 

"Бағдарлама бойынша инвестор келеді. Үйді бұзып, орнына жаңасын салады. Жаңа үйден осында тұратын тұрғындарға жаңа пәтерден үй береді. Немес тұрғындардың өздерінің басқа шешімдері болуы мүмкін. Әрқайсысымен сөйлесіп, инвестор тарапынан шешіп алатын болады", дейді "ӘКК SHYMKENT" АҚ департаментінің басшысы Руслан Серікбаев.  

Жаңа жобаға жауапты департамент басшысының айтқанынан аңғарғанымыз бағдарламаның баянды болуы инвосторға байланысты. Қаржы иесі қаламаса ескі үйлердің орнына жаңасы салынбауы да мүмкін. Сондықтан үйлеріне үреймен кіріп-шығып жүрген жандар әзірге сол өмірге бой үйрете бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу