Санкциялардың Қазақстан экономикасына әсері

367

Еліміз әлемдік рейтингтегі орнын едәуір жақсартты. Инвестициялық тартымдылық бойынша 10 елдің қатарына қосылды.

Санкциялардың Қазақстан экономикасына әсері Фото: Inbusiness.kz

Мұндай зерттеуді Эф-Ди-Ай ИнтеллиДженс агенттігі жүргізген. Зерттеу барысында макроэкономикалық көрсеткіштер мен 50 ірі әлемдік бағыттағы тікелей шетелдік инвестициялардың траекториясы негізге алынған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Осылайша, агенттік биыл Қазақстанды үздік ондыққа қосты. Тізімді Камбоджа, Филиппиндер, Кения, Ирак және Намибия бастап тұр. Былтыр көш соңында болған елімізге биыл инвесторлардың  ағылуына не себеп болды?

Биыл кейбір ірі инвестициялық жобалар іске қосылмай қалды. Мұны Смайыловтың өзі де айтты. Дегенмен бұл Қазақстанның Азия, Африка, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінің ішінен ерекшеленуіне кедергі келтірмепті. 2023 жылы еліміз 602 миллиард теңгеге 59 инвестициялық жобаға қол қойған. Экономистер елдегі мұндай дүмпуге Ресейдегі соғыс пен Белорусияға салынған санкциялар жол ашты деп отыр.

"Жалпы Қазақстан әлем елдері үшін қызықты бола бастады. Және де Қытай инвестициясы да соңғы уақыттарда артып келе жатыр. Жалпы Орта Азия әлем елдерінің қазір негізгі картада тұрған дүние боп тұр. Және Өзбекстан соңғы уақыттарда қарқынды дамып келе жатқанын байқап отырмыз. Осы тұрғыдан, әрине, инвесторлардың көлемі, көзі де бірінші осы Қазақстанға түседі", - дейді экономист Мақсат Халық.

Былтыр инвестициялардың дені Нидерландыдан келген. Олар Қазақстанға 3 млрд доллар қаражат салды. Екінші орын  АҚШ-та. Америкалық бизнесмендердің бізге әкелген ақшасы 1,9 млрд. Үздік үштікті Швейцария 1,77 миллиард қаржымен түйіндеп тұр.

"Қазақстан бизнес жүргізу үшін тартымды ел болатындай үш айрықша факторға ие. Біріншісі - демографиялық дивиденд. Қазақстанның халқы өте жас, жоғары білімді. Екінші фактор - инфрақұрылым. Қазақстанда инфрақұрылымды салуға айтарлықтай сұраныс бар, яғни, инфрақұрылымдық жобаларға ақша тартуға болады. Үшінші фактор  жобаларды іске асыру тәуекелдерімен байланысты. Қазақстанда тәуекелдер бар болғанмен, олардың жарасы басқа елдерге қарағанда жеңілдеу", - дейді инвестор Уилл Астон.

Яғни, Қазақстанда инвестиция тарту үшін біраз жеңілдіктер жасалған. Ірі инвесторларды да қызықтыратын осы екені жасырын емес. Президент бұл жұмысты үдете түспек. Биыл Инвестиция штабын құру туралы жарлық қабылданды. Бұл штабқа еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген", - дейді инвестор Уилл Астон .

Экономистер инвестицияны шикізатқа ғана емес, өндіріске де салу керек дейді. Өйткені тәуелсіздік алған жылдардан бері тартылған 380 млрд долларға жуық шетелдік қаржының 90 пайызы мұнай-газ, тау-кен саласына жіберілген. Алайда, тенденция өзге бағытқа бет бұра бастаған сияқты. Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция бойынша комитеттің мәліметіне көз жүгіртсек, былтыр жасалған келісімшарттардың дені білім мен электр қуатын дамытуға, сондай-ақ қойма шаруашылығы мен көлік саласына қатысты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу