Сарыағаштықтар кісі қолынан көз жұмған 5 жасар бүлдіршінді жер қойнына тапсырды

892

Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Сарыағаштықтар кісі қолынан көз жұмған 5 жасар бүлдіршінді жер қойнына тапсырды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жағдай тұрақты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

13 шілде түнде ерекше бақылау және тұрғындармен қосымша түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында облыс әкімінің міндетін атқарушы Н. Көшеров, облыс прокуроры М. Тілеубердиев, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М. Қабденов, ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Т. Мелдешов, облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаев оқиға орнына барды.

Пышақ жарақатынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін бүгін, яғни, 14 шілде күні жер қойнына тапсырылды.

Сараптама қорытындысы жедел түрде 20 күн ішінде шығарылады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Бас прокуратура мен ІІМ-не қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Күдіктіге ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар жүргізіледі.

Белгілі болғаны, күдікті бұрын 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығы шектелген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу