Сәтбаев қаласында көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

1012

Барлық пәтер Шаталюк көшесіндегі жаңа бес қабатты үйде орналасқан. 

Сәтбаев қаласында көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

Сәтбаевта 15 көпбалалы отбасы қоныс тойын атап өтті. Пәтерлерді өз қызметкерлеріне "Қазақмыс" корпорациясы ұсынды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы тапсырмасымен көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылуда. Тамыздың соңында біздің қалада 22 көпбалалы отбасы пәтер кілтін алды. Бұл Конституция күніне орай тамаша сыйлық болды. Ал бүгін біз "Қазақмыс" корпорациясы жиһазбен және ыңғайлы өмір сүруге қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген 15 төрт бөлмелі пәтерді осы өндіріс ошағында жұмыс істейтін көпбалалы қызметкерлеріне сатып алғанына куә болып отырмыз", – деді Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов жаңа пәтер иелеріне кілттерін табыс ету салтанатында.

Барлық пәтер Шаталюк көшесіндегі жаңа бес қабатты үйде орналасқан. Бұл дүкен мен мектебі бар ыңғайлы шағын аудан. Сонымен қатар бұл жерде жаңа балабақша мен Оқушылар сарайы салынып жатыр.

Қала әкімі компания басшылығына көпбалалы отбасыларға көңіл бөліп, жағдай жасап жатқаны үшін алғысын білдірді. Пәтер кілттерін "Қазақмыс" корпорациясының даму жөніндегі директоры Бахтияр Қырықпышев табыс етті.

Қоныс тойын тойлаушылар арасында бес бала асырап отырған жалғызбасты әке бар. Сонымен қатар жаңа пәтер сегіз баласы бар отбасына берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу