Сатып алған тағамнан бірнәрсе шықса не істеу керек?

925

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткен аптада танымал пабликтердің бірінде жарияланған самасадан қылшық шыққаны туралы видеоға қатысты пікір білдірді. 

Сатып алған тағамнан бірнәрсе шықса не істеу керек?

Видеода кадр сыртындағы ер адам сатып алған самсасынан қылшық табылғанын көрсеткен.

"Жақында болған жағдайға қатысты Алматы тұрғынынан санэпидемиологиялық ведомствоға шағым түскен жоқ",– дейді департаменттен.

Осылайша мұндай жағдайларда ең алдымен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жазбаша өтінішпен жүгіну керектігін еске салады. Өтініште тауардың қай жерден сатып алынғаны да нақты көрсетілуі керек.

"Оның бағасын, сатып алу күні мен уақытын көрсетіп, бөтен затты табу жағдайларын сипаттаңыз, чекті және мүмкін болса, сапасыз өнімнің фотосуреттерін қосыңыз. Өтініш тіркелгеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеру жүргізеді",– дейді департаменттен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу