Сауль "Канало" Альварес: Мен карьерамды аяқтау туралы ойландым

917

Сауль "Канало" Альварес: Мен карьерамды аяқтау туралы ойландым

Бокстан екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы 27 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канало" Альварес (49-1-1, 34 КО) карьерасын аяқтау туралы ойын айты, деп хабарлайды vesti.kz. 
"Шынымды айтсам, мен карьерамды аяқтау туралы ойландым. Бірақ бокстан жасым 34 не 35-ке келгенде кетемін. Дәл қазір менің барлық өмірім бокспен байланысты. Күш-қуатым бар кезде жекпе-жек өткізе беремін. Дегенмен бокста кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін сіздің денеңіздің өзі бокстан бас тартады. Сол уақыт келгенде мен бірден боксты қоямын. Ол уақытқа дейін карьерамды жалғастырамын", - дейді "Канело". 
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Канело" кәсіпқой бокс шаршы алаңында 51 кездесу өткізіп, оның 49-да жеңіске жетсе, бір кездесуде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. 34 кездесуде мексикалық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірген. 
Өзінің келесі кездесуін Альварес 16 қыркүйек күні  Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы - орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу