Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Құжатта "жаппай тәртіпсіздік салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен" және "елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тез арада қалыпқа келтіріп, қала аумағында тәртіп орнату үшін" ТЖ режимі енгізіліп отыр деп жазылған.
Жарлыққа сәйкес, қалада 9 қазан кешкі сағат 20.00-ден бастап 21 қазан таңертеңгі сағат 8-ге дейін ТЖ режимі енгізіледі. Осы аралықта қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылады, ереуіл, жиналыс, шеру, демонстрация және пикет өткізуге тыйым салынады. Кәсіпорындардың жұмыс істеу уақыты өзгереді. Адам көп жүрген жерде сақшылар жиналғандардың кұжаттарын тексереді. Құжатта бұдан да басқа шектеу шаралары жазылған.