Ертіс өзеніне Сібір бекіресі жіберілді

629

Бекірені жіберу үшін Семейден 80 шақырым қашықтағы орын таңдалған.

Ертіс өзеніне Сібір бекіресі жіберілді Фото: Абай облысы әкімдігі

Ертіс ежелден Сібір бекіресінің мекені болған. Кейінен мүлдем жойылып кетті. Бірақ мамандар шаруашылықтарда өсірілген шабақтарды жіберу  арқылы қорды қайта қалпына келтіреміз деп отыр. Олардың өсіп, көбеюін бақылап отырмақ.

-          Ғалымдармен бұл бекіренің өсуін мемлекет тарапынан қадағалау жүргізіп отырамыз. Өзіміздің инспекторлар, ғылыми институттың мамандары арқылы бұлардың мекендеуін, өсуін миграциялық жолдарын, көктемгі қысқы біз қарап отырамыз-дейді "Зайсан-Ертіс" облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Талғат Рақымжанов.

Бекірені жіберу үшін Семейден 80 шақырым қашықтағы орын таңдалған. Мамандар өзеннің бұл тұсын алдын ала зерттеген. Ондағы балыққа қажет қорек қоры, қыстауына ыңғайлылығы түгедей есепке алынған.  Шабақтар 15 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысатын серіктестіктен әкелінді. 

-          Өзінің мекені болғандықтан, бұл жерде басқа балыққа қарағанда нақты Сібір бекіресін көбейтуге болады. Балық тұқымы қайта жаңғырса жақсы болар еді. Біздің мекемеде бекіреден уылдырық алып, осы уылдырықтан шабақтарды өсірумен айналысамыз-дейді ЖШС бас директоры Ерлан Сағидолдин.

Соңғы жылдары Абай облысында балық қорын молайту мен балық шаруашылығын дамытуға үлкен мән беріліп келеді. 

-          Ертіске балық жіберу жаңадан құрылған Абай облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жобаға бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмады. Жалпы Абай облысындағы балық шаруашылығын дамыту әлеуеті бар-дейді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысында соңғы бір жылда балықтың бірнеше түрін өндірістік мақсатта өсіретін 4 шаруашылық ашылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу