Семейде миллиондарды жымқырған қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

775

Семейде миллиондарды жымқырған қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

Семей қаласының №2 сотында арнайы желі құрған ірі инвестициялық пирамиданың жетекшісінің ісі бойынша атышулы процес аяқталды. Жүйеге екі мыңнан астам адам тіркеліп, ондаған миллион теңге айналымда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш істе негізгі адам ШҚО тумасы Альмира Есенбаева (аты-жөні өзгертілді). Семей тұрғыны, бірақ Ақтөбеде тіркелген. 2014 жылы құрбысы Сабина Ақболина екеуі Ақтөбедегі веб-студияға сайт құру, қолдау және қызмет көрсету туралы тапсырыспен жүгінеді. Бұл веб-ресурс Есенбаеваның бизнесі ретінде құрылған қаржы пирамидасының құрылуына негіз болды. Сайтта орналасқан жағдайға сәйкес пирамиданың қатысушысы осы интернет-алаңға тіркеліп, Есенбаеваның есепшотына 55 мың теңге аударады және ол шақырған адамнан кейінгі реттік орынға орналастырылады.

Өз кезегінде, жаңа қосылған адам ақша төлейтін екі адам тауып, тағы екі адамды шақырады, салымшы алты адам жинағанда, қатысушы 180 мың теңге сыйлық алады. Оған 125 мың теңгесі беріліп, қалған ақша бағдарламаға қайта қатысу құқығымен инвестиция ретінде жүйеде қалады.

2015 жылы Ақболина мезгілсіз қайтыс болып, Есенбаева істі жалғастыра береді. Клиенттерді тарту үшін автомобиль ойнатылады деп уәде еткен. Тергеу деректеріне сәйкес екі жылда жүйеге 70 миллионнан астам қаражат тартылған. Сайтта екі мыңнан астам пайдаланушы тіркелген.

2016 жылы Алмира Есенбаев ұсталды. 30 адам жәбірленуші деп танылды, алайда олардың басым бөлігі шығынның орнын толтырғанын хабарлады. Сондай-ақ кей жәбірленушілер оның екі жасқа толмаған қызы бар болғандықтан, Есенбаеваны соттамауды өтінді. Есенбаеваны мүлкін тәркілеумен бес жылға бас бостандығынан айырды. Рақымшылық бойынша мерзім екі есеге қысқартылды.

Альмира Есенбаеваға үкім шыққаннан екі ай бұрын ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан аумағында жұмыс істеген "Questra Holdings Inc" компаниясына қатысты Қызылорда облысында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ашық дереккөздердің деректеріне сәйкес компания Британ Виргин аралдарында тіркелген. Кеңсесі Испанияда орналасқан. Қызмет алаңы бұрынғы КСРО аумағына тараған. Адамдарға жобаға ақша салып, кіріс табу ұсынылған.

Қаржы пирамидасы - алғашқы қатысушылар кейіннен жазылған салымшылар есебінен табыс алатын құрылым. Мұндай жобалардың қызметіне Қазақстанда тыйым салынған. Пирамиданы жарнамалағаны үшін 3000 АЕК айыппұл салынады. Инвестициялық құрылымды құру және оған жетекшілік ету 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды не 3000 АЕК көлемінде айыппұл төлетуді қарастырады. Егер пирамидаға мемлекеттік қызметші жетекшілік етсе, ол 12 жылға сотталады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу