Сенат депутаттары Халықаралық шарттар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар туралы Заң жобасын мақұлдап, қаулы қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Құжатты депуттарға Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді таныстырды. Оның айтуынша, ұсынылған Заң жобасы Конституцияның 4-бабының 3-тармағына 2017 жылы енгізілген өзгерістерді жүзеге асыруға байланысты әзірленген көрінеді.
"Заң жобасы бейінді заңға мынадай нормалардың енгізілуін қамтамасыз етеді. Біріншіден, ратификацияланған халықаралық шарттардың республика заңдарының алдындағы басымдығы және олардың тікелей қолданылуы, екіншіден, халықаралық шарттард мәртебесінің өзгеруі туралы туралы жұртшылықты хабардар ету, үшіншіден, шарттарды тоқтату тәсілін кеңейтіп, заңдағы олқылықытарды жоюды қамтамасыз ету. Сонымен қатар заң жобасында контр әріптестер өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы тарабынан шарттардың орындалуын тоқтата тұру түріндегі жауап шараларды қолдау мүмкіндігін көздейтін нормаларды енгізу ұсынылады. Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының алдында алған міндеттемелерін орындамайтын контр әріптестермен өзара қарым-қатынастарда мемлекеттің мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді", - деді вице-премьер.
Бұл заң, бірінші кезекте, визалық келісімдер бекіту, адамдарды ұстап беру мен сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарттар жасасу, көршілес елдермен бірлесіп трансшекаралық су ресрурстарын әділ және ұтымды пайдалану, тұрақты басқару және қорғау салаларын қамтитын ратификацияланған халықаралық шарттарға қатысты болмақ.
Сенат депутаттары аталмызш заңды бірауыздан мақұлдап дауыс берді.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қабылданған заңның ұлттық мүдделерімізді халықаралық деңгейде қорғауға қосымша мүмкіндіктер беретінін айтты.
"Бұдан былай халықаралық келісімнің екінші тарабы өз міндетемелерін толық немесе қажет деңгейде орындамаған жағдайда Қазақстан тарапынан жауап шаралар қабылдауға жол ашылады. Осы мақсатта құжатта халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережерлерінің орындалуын тоқтата тұру туралы нормалар қарастырылған. Сондықтан алдағы уақытта бұл заң мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады деп сенеміз", - деді спикер.
Есжан Ботақара