Шағын және орта бизнес иелері цифрландыру жағдайында нені ескергені жөн

1003

Келесі 12 айда қазақстандық кәсіпкерлер жалақыны (32%-ға) көтеруді жоспарлап отыр.    

Шағын және орта бизнес иелері цифрландыру жағдайында нені ескергені жөн

Kaspersky-дің "Шағын және орта бизнес: пандемиядан кейінгі өмір" атты сауалнамасының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы кәсіпкерлердің 51%-дан астамы пандемия кезінде компанияларының тұрақты жұмыс істеуі үшін жаңа технологияларды енгізу ең басым міндет болғанын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бизнесті онлайн режимге көшіруде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялармен қамту және бірлескен жұмыс қызметтерімен қамтамасыз ету де қажетті міндеттер қатарына енген.

Бизнес қиын кезеңде жұмыс орындарын сақтау (бұл туралы респонденттердің 46%-ы хабарлады) мен бизнесті кез келген көмекпен қолдауға (респонденттің 59%-ы) ынта қойған. Алайда ол кәсіпкерлерге оңайға соққан жоқ. Сондықтан компаниялардың 36%-ында бюджет қысқарған, кейбір кеңсе (33%-ы) уақытша жабылды. Дегенмен жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізгендер де болды. Яғни әр бесінші шағын компанияда жаңа өнімдер немесе қызметтер іске қосылды.

Бизнестің тиімді болуына қызметкерлердің қанағаттанушылығы тікелей әсер етеді. Бұл зерттеулер нәтижесінде бірнеше рет дәлелдеді. Кәсіпкерлер өз қызметкерлерінің құндылығын түсінеді. Сауалнама нәтижесінде бюджеттің мәжбүрлі қысқаруына қарамастан, қызметкерлерді ұстап қалу компаниялар үшін басымдыққа айналғаны анықталды. Келесі 12 айда қазақстандық кәсіпкерлер жалақыны (32%-ға) көтеруді жоспарлап отыр.

"Пандемия жаңа технологиялық қажеттіліктерді тудырды. Онлайн-сервистер ерекше өзекті екенін түсіндік. Онлайн-сервисті іске қосқандар тиімді жұмыс істеді. Дегенмен цифрландыру жұмысы барынша қауіпсіз болғанын естен шығармау керек", – деді Kaspersky-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

Компания цифрландыру жағдайында барынша қауіпсіз жұмыс істеу үшін шағын және орта бизнес иелеріне мынадай кеңес айтады:
•  арнайы жасалған "Шағын бизнеске арналған киберқауіпсіздік туралы шпаргалкадағы" жиналған IT-шығындарын азайту, клиенттермен қауіпсіз қарым-қатынас жасау, фрилансерлермен жұмыс жасау бойынша тегін ұсыныстармен танысу;
• қызметкерлерге негізгі қауіпсіздік шаралары туралы үнемі ескерту (күдікті хабарламаларды ашпау, әртүрлі есептік жазбалар үшін күрделі және әртүрлі парольдерді ойлап табу және оларды үнемі өзгерту);
• әкімшіге жұмыс құрылғыларының қауіпсіздігін бір панельден қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін арнайы қорғаныс шешімдерін қолдану.

Бұл зерттеуді Arlington Research тәуелсіз зерттеу агенттігі 2021 жылы Kaspersky-дің тапсырысы бойынша әлемнің 22 елінде жүргізді. Сауалнамаға қызметкерлер саны 250 адамға дейінгі ұйымдардың 3 150 қызметкері қатысты. Жоғарыдағы деректер Қазақстан бойынша келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу