Шалқар ауданында жол апатына түскен тағы бір оқушы көз жұмды

769

Ақтөбеде аударылған джипте болған екінші оқушы да ауруханада қайтыс болды.   

Шалқар ауданында жол апатына түскен тағы бір оқушы көз жұмды Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқушы қыз кешкілік сағат 18-30-да көз жұмған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін оқушы қыздың бас сүйегі сынып, комада жатқанын жазғанбыз. 4-наурызда Шалқар ауданында көлік аударылып, бір жасөспірім оқиға орнында қаза болды. Көлікті кәмелеттік жасқа толмаған оқушы басқарған.

Көлікте болған 15 жастағы екі ер бала жамбас, жіліншік сүйектері сынып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тағы бір оқушы амбулаториялық ем алған. Барлығы - Шалқар қаласындағы нөмері 8 мектептің оқушылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу