Шардара СЭС-інде үшінші гидроагрегат іске қосылады

1416

СЭС-тегі бірінші гидроагрегат 2019 жылғы ақпанда іске қосылған еді, ал сәуірде екінші гидроагрегат пайдалануға берілді.

Шардара СЭС-інде үшінші гидроагрегат іске қосылады

Шардара СЭС-інде үшінші гидроагрегат іске қосылады. Төртінші, яғни соңғы гидроагрегатты іске қосу келесі жылдың ақпан айына жоспарланып отыр, деп хабарлады "Самұрық-Энерго" АҚ-дан.

Жаңғыртудан кейін СЭС-тің қуаты 26 пайызға артады, қазіргі100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін ұлғаяды.

"Харьков зауытының ескі гидротурбиналарын австрия-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясының жаңа гидротурбиналарына ауыстыру станцияның электр энергиясын өндіруін жылына 480 млн кВтсағаттан 537 млн кВтсағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа жабдық жылына қосымша 57 млн кВтсағат электр энергиясын өндіруден тыс, су станциясының жұмыс істеу мерзімін 35-40 жылға ұзартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді",– деп отыр "Самұрық-Энерго" АҚ мамандары.

Жобаның жалпы құны 38 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке өз қаражаты есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы.

Еске сала кетсек, СЭС-тегі бірінші гидроагрегат 2019 жылғы ақпанда іске қосылған еді, ал сәуірде екінші гидроагрегат пайдалануға берілді.

"Әрқайсысының қуаты 31,5 МВт болатын осы екі іске қосылуы арқасында Шардара СЭС-і электр өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. Жоспарланған 301 900 мың кВтсағаттың орнына станцияда 403 655 мың кВтсағаттан астам электр энергиясы өндірілді",– деп хабарлады "Самұрық-Энерго-дан".    

Айта кетейік, Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілген. Станцияның технологиялық жабдығының норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болғанымен, олар 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, әбден тозығы жеткен. Оларды жасаған  зауыттардың өзі қазір ол жабдықтарды шығармайды, өндірістен алып тастаған. Үнемділігі мен пайдалану сенімділігі тұрғысынан жабдықты одан әрі пайдалану мақсатқа сай болмай қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу