"Шаруа өнімінің пайдасын делдал көріп келеді"

1349

Сенатор Әбдәлі Нұралиев Премьер-министр атына жолдаған депутаттық сауалында шаруалардың мәселелерін шешуге бағытталған нақты шараларды атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шаруа өнімінің пайдасын делдал көріп келеді"

Депутаттың айтуынша, былтыр қалыптасқан жағдай ауыл шаруашылығы саласының технологиялық тұрғыдан артта қалуын, техникалық жарақтандырудың төмен деңгейін, шаруашылық жүргізудің экстенсивті әдістерінің басымдылығын көрсетті, соның нәтижесінде сала қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге төтеп бере алмайтындығын байқатты. Сенатор елімізде мал азығы зоотехникалық нормалардан екі есе аз өндірілетінін, ал қосалқы және ұсақ шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдаудан айырылғанын айтты.

"Қазіргі таңда еліміздегі 1,6 мыңнан астам қосалқы шаруашылықта 3,5 миллионнан астам табыс деңгейі төмен азамат жұмыс істейді. Олар жылына орта есеппен 2,5 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, еліміздің азық-түлік қорын толықтыруда елеулі үлес қосып келеді. Өкінішке қарай, қосалқы шаруашылықтар өндірген өнімдердің пайдасын ортада жүрген делдалдар көріп келеді. Ал майда қожалықтарды мемлекеттік қолдау мүлдем жоқ деп айтуға болады", – деді депутат.

Осы мәселелерді шешу үшін сенатор егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру және жемшөп, жарма, бұршақ, майлы дақылдар алқаптарын кеңейтумен айналысатын шаруашылықтарды белсенді қолдауды ұсынды. Кооперацияны, оның ішінде қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды ынталандыру да маңызды деп санайды.

"Агросектор субъектілеріне бөлінетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 2-3%-ға дейін төмендету, қосалқы шаруашылықтар үшін көлемі 1-2 млн теңге болатын микрокредиттер спектрін кеңейту, шаруашылық науқаны кезінде мемлекеттік қаражатты жылдам алу мүмкіндігін қарастыру, нақты алынған өнімге немесе қайта өңдеуге өткізілген көлемге байланысты субсидияларды бөлу бойынша нақты шаралар көзделуі тиіс", – деді Нұралиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу