Шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 6,3% қымбаттаған

1789

Бұл өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш. 

Шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 6,3% қымбаттаған

Шаштараз бен сұлулық салондары қызметінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға қымбаттаған, деп хабарлады еnergyprom.kz.

Ал осы сектордағы қызметтер саны 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ға қысқарған. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша, сектордағы қызмет түрлерінің құны 7,2%-ға көтерілген еді. 2014 жылдағы дағдарыс кезінде де осындай жағдай болды, яғни ол кезде 11,6%-ға қымбаттай түскен болатын. 

Айта кететін жайт, жуырда Алматы қаласында сұлулық салоны, дүкен, дәріхана, мейрамхана және басқа да қызмет көрсету орындарының маңдайшаларындағы атаулар бір формат бойынша жазылатын болады. Шаһардың урбанистика және қалалық жоспарлау басқармасының айтуынша, маңдайшалардың көлемі бірдей болу керек және бір биіктікте, нақтырақ айтқанда, бірінші қабаттан аспайтын жерде ілінуге тиіс. Жаңа талапты орындау кәсібін енді ашып жатқандарға міндеттелмек. Ал бұрыннан бері бизнеспен айналысып келе жатқандарға маңдайшаны ауыстыру үшін 5 жылға дейін уақыт беріледі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу