Көрші ел өте қабілетті роботты іске қосты

Робот қонақтарды қарсы алып, кофе ұсынуға да қауқарлы. 

Көрші ел өте қабілетті роботты іске қосты Фото: msn.com

Қытайлық Shenzhen Yuejiang Technology Co., Ltd компаниясы үй шаруасына көмектесе алатын адам тәрізді бионикалық роботты жасап шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Xinhua-ға сілтеме жасап.

Робот өздігінен таңғы ас әзірлейді, сүт құйып, тіпті дастархан жасай алады. Оның қолына 28 еркіндік дәрежесі орнатылған. Сонымен қатар, робот нейрондармен басқарылатын ептіліктің өзін-өзі дамыту жүйесімен жабдықталған.

Мұнан бөлек, корпоративтік секторда робот құжаттарды жеткізе алады. Қонақтарды қарсы алып, кофе ұсынуға да қабілетті. Роботтар биылдан бастап шығарыла бастайды деп болжанып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қытайдың роботы әлемде алғашқы болып сальто жасаса, көрші елдің роботтары тұңғыш рет мың бұрала билеп, сахнаның сәнін келтіргенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу