Шенеуніктер БАҚ-тан қашып жүретін уақыт өтіп барады – Абаев

953

Шенеуніктер БАҚ-тан қашып жүретін уақыт өтіп барады – Абаев

Шенеуніктердің БАҚ-тан "тұмшаланып" жүретін уақыты өтті. Мұндай пікірді бүгін Алматыда өткен "Медиа құрылтайда" ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Мемлекеттік органдардың жабық болған мезгілі өтіп барады деп сіздерді сендіре аламын. Сіздер де, біздер де қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тиімділігі оның БАҚ-пен байланысымен анықталатынын жақсы түсінеміз. Бұл – қазіргі уақытта бар міндетті талап. Сондықтан, меморган жабық болған, министрдің жабық болған уақыттары өтіп барады. Бұл – қалыпты үрдіс", – деді "Media құрылтай-2016" аясында жаңа БАҚ туралы журналистер сұрағына жауап берген Дәурен Абаев.  

Оның айтуынша, келесі жылы медиа нарық және оның қатысушылары туралы ақпарат жарыққа шығады. "Ештеңе де құпия емес. Біз қанша БАҚ бар екенін, қайсысы қай салада жұмыс жасайтынын жақсы білеміз. Біз де, сіздер де біздегі сан жағынан көп БАҚ-тың жартысы жұмыс істемейтінін немесе тек қағаз жүзіне ғана бар екенін білеміз", – деді сөзін қорытындылаған министр. Сондай-ақ, министр құрылтайда медиа нарық қатысушыларының жаңа БАҚ туралы заңда көрсетілген редакцияның меншік иесіне тәуелділігі туралы мәселесіне қатысты ұсыныстарына да жауап бере кетті.  

"Біз ұсыныстарды қабылдауға дайынбыз. Ойланайық, сіздер бізге редакцияның меншік иесінен тәуелсіз болуы туралы пікір-ұсыныстарыңызды беріңіздер", – деді министр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу