Шерзат ісінде сотталушының адвокаты істі прокурорға қайтаруды сұрады

552

Сот отырысын онлайн көруге болады. 

Шерзат ісінде сотталушының адвокаты істі прокурорға қайтаруды сұрады Фото: Жоғарғы сот

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушылар Нұрбол Тоқтаубаев пен Азамат Тоқтаубаевтың қорғаушысы істі прокурорға қайтаруды сұрады.

Судья бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Адвокаттың сөзінше, қылмыстық іс құжаттарында айыпталушылар Нұрбол Тоқтаубаев пен Азамат Тоқтаубаевты күдікті деп тану туралы қаулы жоқ. 

"Бұл күдіктіге қатысты қылмыстық қудалаудың заңды белгіленген тәртібі сақталмай басталғанын көрсетеді. Егер күдікті ретінде ресми танылмай тұрып, жауап алынған болса, бұл әрекеттер заңсыз деп есептеледі. Сондықтан іс қосымша тергеп-тексеру үшін және заңбұзушылықтарды жою үшін прокурорға қайтаруды сұраймын", - деді адвокат.

Қос тарапты тыңдаған судья Ержан Жанұзақов адвокаттың тиісті өтінішін қабылдаудан бас тартты.

Айта кету керек, бұған дейін Шерзат ісіндегі судья блогерлер мен желі қолданушыларына ескерту жасағанын жазғанбыз. Сотта айыпталушылардың марқұм Шерзатты ұрып-соққан сәті көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу