Шерзаттың анасының денсаулығы нашарлап, сот залынан шығып кетті

511

Сыртта оған жедел жәрдем көлігі келді. 

Шерзаттың анасының денсаулығы нашарлап, сот залынан шығып кетті Фото: inbusiness.kz

Талдықорғанда өтіп жатқан басты сот талқылауы барысында марқұм Шерзаттың анасына жедел жәрдем келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік айыптаушы қылмыс болған күнгі оқиғаларды рет-ретімен баяндап берді. 

Осы тұста жәбірленуші тараптың адвокаты марқұмның анасының денсаулығы нашарлап жатқандықтан, соттан оны жедел жәрдемге жіберуіне рұқсат сұрады.

"Жағдайыңыз нашарлап тұр ма?", - деп сұрады судья Ержан Жанұзақов.

"Астында жедел жәрдем келіп тұр", - деді Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиева.

"Сіздің қатысуыңызсыз сот процесін жалғастыра беруге бола ма?", - деп нақтылады судья.

Жәбірленуші рұқсатын беріп, сот залынан шығып кетті. 

Айта кету керек, осыған дейін Шерзат Полаттың соты алқабилердің қатысуынсыз өтетінін жазғанбыз. Шерзаттың өліміндегі оқиғалар рет-ретімен айтылды. Басты күдіктінің бірі кінәсін мойындамай отыр. Айыпталушылар арасында бұрын сотты болғандар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу