Шетелдік танымал дәрігер елордалық нейрохирургтарға шеберлік сыныбын өткізді

869

Профессор Рудольф Бертаньоли омыртқа операцияларының түрлі классикалық техникасын меңгерген. Сонымен қатар, операция жасауда өз техникасын ойлап шығарған.

Шетелдік танымал дәрігер елордалық нейрохирургтарға шеберлік сыныбын өткізді

Германияның омыртқа хирургиясы клиникасының басшысы, профессор Рудольф Бертаньоли Көпбейінді қалалық ауруханалардың дәрігерлеріне өз тәжірибесін бөлісу үшін Нұр-Сұлтанға арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтемемен.

Рудольф Бертаньоли елордалық дәрігерлер үшін "Жұлын нейрохирургиясының өзекті мәселелері" тақырыбында бес күндік шеберлік сабағын өткізеді.

Бағдарламада омыртқа мен жұлынның нейрохирургиялық ауруларының негізгі аспектілерін, этиологиясы мен патогенезін егжей-тегжейлі ашып, тыңдаушыларды жұлын нейрохирургиясының ерекшеліктерімен таныстырады.

Әлемге әйгілі дәрігер мойын омыртқасында жарықшасы бар науқасқа жасалатын ота кезінде нейрохирургтарға кеңес береді.

"Германиядан келген қонағымыздың сапарының мақсаты – жұлын нейрохирургиясы саласындағы кәсібилікті жетілдіру. Жылдар бойы жинаған білімін бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз", - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу