Осыған орай ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек шетелдік бағдарлама бойынша оқуға түсу талаптарын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Біз білім сапасына баса назар аударатындықтан, шетелдік университеттерге өз бағдарламалары бойынша түлектерді қабылдауға рұқсат береміз. Мысалы Хериот-Уатт университеті IELTS талап етеді, яғни сіз шетелдік университетке түсу үшін қандай сынақтардан өтсеңіз, мұнда да сол жолмен жүресіз.
Дегенмен, біз бірінші жылы тілге деген талапты жеңілдетуді ұйғардық, өйткені оқуға түскендердің барлығы бірінші жылы Foundation-да оқиды, яғни олар тілді тереңірек меңгереді, академиялық хат жазуды, зерттеу жолдарын үйренеді. Жалпы оқуға төрт жыл кетеді, өйткені Ұлыбританияда бакалавриат 3 жылға созылады, демек біздің балалар уақыттан ұтылмайды. Әр университет өзінің қосымша талаптарын енгізуге құқылы, біз оған араласпаймыз", — деді Саясат Нұрбек.
Оқытушылар арасында міндетті түрде шетелдік мамандар болады, оған қоса "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген жастарды тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар біздің мамандар келісім жасалған университетке барып, сол бағдарламаны үйренеді.