Шетелдіктерді Қазақстанға кіру кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндеттейді

935

Шетелдіктерді Қазақстанға кіру кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндеттейді

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында ұсынылған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сәйкес, енді шетелдіктер, еңбектенуге көшіп келушілер ҚР аумағына кіру кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті, деп жазады strategy2050.kz.

"Енді шетелдіктер, жұмыс істеу үшін көшіп келушілер ҚР аумағына кіру кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті. Мұндай тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда олардың біздің елімізге кіруін шектеу көзделген. ҚР-да тұрақты тұратын және уақытша келген шетелдіктер де дактилоскопиялық тіркеуден өтуге жатады. Бас тарту республикадан тыс шығаруға әкеледі", – деп ақпараттандырды Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Евгений Козлов.

Заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірауыздан мақұлдады.

Еске сала кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар заң жобаларын мақұлдады, олардың арасында "ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Пробация туралы" заң жобалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу