Шикізатты сатушы елден өндіруші елге айналуымыз керек

543

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Шикізатты сатушы елден өндіруші елге айналуымыз керек Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Сүлейменов Тимур Мұратұлы Жолдауға қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, экономика дамуының негізі — өндіріс саласын ілгерлету.

"Бүгінгі Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында "Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек" екені ерекше атап өтілді, осы саланы жедел дамытуға баса назар аударуымыз қажет екені де ескерілді. Ол үшін түрлі қолдау шаралары қолға алынбақ - субсидиялар, гранттар, салықтан босату. Біз Мемлекет басшысының бұл қадамын құптаймыз, себебі өнеркәсіп — экономика негізі. Егер біз өнеркәсіпті алға тартып, кәсіпкерлерге белгілі бір жеңілдіктер жасасақ, кейін соның жемісін көреміз", — деді Т. Маратұлы.

Тағы бір өзекті мәселе — тау-кен өнеркәсібі де назардан тыс қалмады. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі" деп атап өтті. Қазір біз сонау тәуелсіздік алған жылдардан қалған кен орындарын пайдаланып келеміз, ал жаңа пайдалы қазбалар көзін іздеу, барлау жұмыстары кенжелеп тұр. Бұл газ болсын, мұнай, метал болсын барлығына қатысты. Сондықтан жедел түрде біздің геологиялық әлеуетімізді арттыру қажет", — деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын ілгерлету де нысанға алынды. 

"Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды, тек тұтынушыға дайын өнім беру арқылы ғана оның құнына қосылатын баға артып, пайда көруге болады, салық түсімі де артады. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек", — деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу