Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, өңірде құны 26,4 млрд теңге тұратын төрт ірі жоба іске қосылады.
Жыл соңына дейін құны 2,3 млрд теңге тұратын Аягөз құрылыс материалдар комбинатын ашу жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 20 мың текше метр темірбетон бұйымдарын шығарады деп жоспарлануда.
"Қытаймен арнайы құрал-жабдықтар сатып алу жөнінде келісімшарт жасалды. Жобаның құрылысы жақында аяқталады",– деп хабарлады ведомтва өкілдері.
Сонымен қатар өңірде құны 13,4 млрд теңге тұратын гидро-күн электр станциясы іске қосылмақ. Одан бөлек қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш нысан 10,6 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Одан бөлек ШҚО-да темірбетон бұйымдар жасайтын кәсіпорын ашылған.
"Өңірде құрғақ баспа әдісімен темірбетон бұйымдарын жасайтын цех жұмыс істей бастады. Бұл кәсіп орынның жалпы құны – 12,9 млн теңге",– деді басқарма өкілдері.
Тегтер: кәсіпорын, жоба, ШҚО, аягөз, темірбетон, күн электр станциясы