ШҚО-да 14 адам қызылша жұқтырды

430

Ауруды жұқтырғандардың 88 пайызы егілмеген. 

ШҚО-да 14 адам қызылша жұқтырды Фото: gov.kz

8 науқаста диагноз зертханалық түрде расталды, төртеуінде расталмаған, тағы екі адамға нақты диагноз қойылмаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

"Биыл өңірге қызылшаны жұқтырған адам Түркиядан келген. 7 жағдай өңірде болған", деді санитарлық — эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямгазина. 

Ол атағандай, қызылшаны жұқтырғандардың 88 пайызы егілмеген. 

"Бүгінгі күні диагнозы расталған 8 науқастың екеуі ересек, қалғандары 14 жасқа дейінгі балалар", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу