ШҚО-да департамент басшысы пара алғаны үшін сотталды

1559

Оған өзінің қарамағындағы қызметкерлерден жұмыста қолайлы жағдай жасап, көмектескені үшін 700 мың теңге көлемінде пара алып, атқарылған жұмыс актілеріне қол қою кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. 

ШҚО-да департамент басшысы пара алғаны үшін  сотталды

Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы жүйелі түрде пара алған үшін сотталды.

"Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды және алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау депертаментінің басшысы Ғ.Қ.Сүлейменовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Оған өзінің қарамағындағы қызметкерлерден жұмыста қолайлы жағдай жасап, көмектескені үшін 700 мың теңге көлемінде пара алып, атқарылған жұмыс актілеріне қол қою кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен Ғ.К.Сүлейменовтің тағылған айыптарға кінәлі деп танылып, 24,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы белгіленді", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің таратқан ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу