Қайғылы оқиға 18 қаңтарда Шемонаиха ауданында болған. Карьердің жұмысшысы қардың астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Шығыстүстімед" ЖШС Артемьев өндіріс кешенінің "Камышенский" карьерінде жазатайым оқиға болды. 18 қаңтар күні сағат 10:00 кезінде карьерде құлаған қардың астынан жұмысшының денесі табылды", – деп жазылған KAZ Minerals хабарламасында.
Бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу