ШҚО-да көлік қағып кеткен жасөспірім қайтыс болды

941

16 жастағы жасөпірім жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан.

ШҚО-да көлік қағып кеткен жасөспірім қайтыс болды

Семей қаласында қайғылы жол апаты болып, кәмілет жасқа толмаған жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы inbusiness.kz Алтайньюс-ке сілтемемен хабарлайды.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 13 ақпан күні шамамен 16.40 кезінде "Көктем" сауда үйінің жанында тіркемесі бар Shaсman жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жасөпірімді қағып кеткен. Нәтижесінде бірнеше дене жарақатын алған 16 жастағы жасөпірім оқиға орнында қайтыс болды.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Бірқатар сарапта тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу