"Алтын Шығыс" атты автоматтандырылған, мультимәдениетті май экстрациялық кешені Глубокое ауданындағы "Предгорненский элеватор" базасында бой көтереді, деп хабарлайды altaynews.kz.
ШҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, инвестициялық жобаның құны – 28 миллиард теңге.
"Зауыт күн сайын 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығарады. Нысан "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша сумен және электрмен жабдықталып жатыр. Ядроларды өңдеу цехының ғимараты салынып бітті. Тағы бес ғимараттың іргетасы құйылды. Төрт нысанның қазаншұңқыры қазылды. Күнбағыс өңдейтін екі нысан келесі жылы салынады", – деп жазылған ақпаратта.
Қазір күнбағыс майын қайта өңдейтін және тазартылған ядро өндіретін жабдық тестілік режимде жұмыс істеп тұрған көрінеді. Енді цех іске қосылады.