ШҚО Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары рұқсат етілген және тыйым салынған шомылу орындарының тізімін белгіледі, деп жазады Inbusiness.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былтырғы шомылу маусымында аймақта 7 адам суға батып кетті. Барлық жазатайым оқиға жабдықталмаған шомылу орындарында болған. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері 14 адамды құтқарған. Оның екеуі – балалар.
“Облыстық әкімдіктің қаулысымен жаппай демалу үшін 14 учаске анықталды. Онда 1 муниципалды (Ұлан ауданы) және 4 коммуналдық жағажай (Өскемен қаласы – 2, Алтай ауданы – 2) жұмыс істейді. Шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 78 орын мен 31 орын белгіленген. Шомылуға рұқсат етілген 14 учаскеде 120 демалыс базасы орналасқан”, - делінген хабарламада.
Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін Бұқтырма су қоймасында мобильді бекеттер, сондай-ақ жылжымалы бекеттер жұмыс істейтін болады, олар Өскемен қаласының аумағына қызмет көрсететін болады: Сарыбел бекеті, Күршім ауылының ауданындағы бекет, Бұқтырма су қоймасында Көгілдір бұғаз кентінде ЖҚБ және (ҚММ, Меновновский көлдері және Самал жағажайы) құтқару бөлімшесі бар.
Бұдан басқа шомылуға тыйым салынған учаскелерде арнайы белгілер орнатылған.
“ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды тыйым салатын белгілерге немқұрайлы қарамауға, қауіпсіздік мақсатында өңірде 14 арнайы бөлінген орындарда демалуға назар аударуға шақырады. Су қоймаларын құтқарушылардың патрульдеуі жаз бойы жалғасады”, - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Еске салайық, осыған дейін Астананың су айдындарында қауіпсіздік белгілері орнатылатынын жазған болатынбыз. Абай облысында суға түсетін 10 учаске белгіленді.