ШҚО-да соңғы 5 жылда неке қию көрсеткіші төмендеген

2414

Облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша, соңғы бес жыл ішінде облыста неке қию кеміген.

ШҚО-да соңғы 5 жылда неке қию көрсеткіші төмендеген

2013 жылы 13,1 мың неке қиылса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 9,1 мыңға дейін азайған, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Бұл фактіге "демографиялық толқынның" құлдырауы әсерін тигізуде. Яғни, 1980-інші жылдары дүниеге келгендерді 90-ыншы жылдары дүниеге келген жас буын "неке рыногында" алмастырды", – делінген департамент жариялаған ақпаратта.

2018 жылы некеге алғаш рет отырған ер адамдардың орташа жасы – 28,1, әйелдерде – 25,8 жасты құрады. Жыл ішінде 1236 аралас неке тіркеліпті. Бұл әрбір сегізінші жұп деген сөз.

"Шығыс Қазақстанда қазақтардың өзге ұлт өкілдерімен некелесу көрсеткіші ең төмен, 6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш орыстарда - 16%, татарларда – 88%, немістерде – 92%. Яғни, халықтың жалпы санында қандай да бір ұлт үлесінің кемуі аталған ұлт арасында ұлтаралық некелер санының артуына әкеліп соғады. Бес жыл бұрын қазақтар бекіткен неке одағының үлесі 60%-ды, орыс ұлтының өкілдері – 34%-ды, немістер – 1,5%-ды құраса, 2018 жылы тиісінше 62%, 33% және 1,6%-ға тең. Бұл дерек облыстың ұлттық құрамы құрылымының өзгеруімен сипатталады", – делінген статистикалық деректе.

Статисткаға сенсек,  облыс бойынша 2 жұпқа 1 ажырасудан келеді. Былтырдың ішінде 4,6 мың ажырасу тіркелген. Бұл 2013 жылға қарағанда 1,6%-ға аз. Ерлер арасындағы ең жоғарғы ажырасу үлесі 30-34 жасты құраса, әйелдерге – 25-29 және 30-34 жас аралығына дөп келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу