18-20 сәуір аралығында ШҚО аумағында мас күйінде көлік тізгіндеген 42 адам ұсталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Сондай-ақ, 17 адам қажетті құжаттарсыз көлік басқарған. Жылдамдықты асырған 225 жүргізуші, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 70 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау бойынша 400 факті тіркеліп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу