ШҚО-да жылыту маусымы басталды

1429

25 қыркүйектен бастап Алтай қаласындағы 69 әлеуметтік нысанға жылу беріледі. 

ШҚО-да жылыту маусымы басталды

Алтай қаласында ауа райының орташа температурасы 15 градус жылылықты көрсетіп тұр. Түнде температура төмендейді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Айта кетейік, 24-26 қыркүйек күндері түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, қатқақ жүретінін "Қазгидромет" хабарлап отыр.

"69 нысанның басым көпшілігі балабақша, мектеп және емхана. Олар жылу беру маусымына дайын екендіктерін де растады", – деді қала әкімі Константин Передельский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу