ШҚО-дағы өзеннің ластануы: Президент мәселеге назар аударды

1610

ШҚО Күршім ауданындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер ластауына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

ШҚО-дағы өзеннің ластануы: Президент мәселеге назар аударды

"Осыған (Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқанына – inbusiness.kz) байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді", – деді Берік Уәли. 

Еске сала кетейік, бұл мәселе туралы inbusiness.kz "Алтын іздеушілер табиғатты бүлдірді" және "ШҚО-дағы өзеннің ластануы: Халық экологиялық сот сараптамасын талап етеді" деген тақырыпта екі мәрте журналистік зерттеу жазған. Мәселе бұдан ары да редакция назарында болады.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу