ШҚО-ға "қызыл аймақтан" барғандар ПТР анықтамасыз кіре алмайды

962

Өзге өңірлермен шекараларда санитарлық бекеттер орнатылады.  

ШҚО-ға "қызыл аймақтан" барғандар ПТР анықтамасыз кіре алмайды Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 15 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы өзгергенде қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекция стационарларында төсек қорының толтырылу деңгейі – 3.3%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,175.

"Семей, Курчатов қалаларының, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары өңірдің сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапына қойылатын 3 және Қарағанды мен Павлодар облыстары аумақтарындағы 3 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар "Ауыл", "Үбе", "Бақты", "Майқапшағай" автоөтпе жолдарындағы өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекет қойылады", - деп жазылған құжатта.

"Қызыл" аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР сынаманың теріс нәтижесі туралы үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу