Семей маңайында 17 су қоймасы бар. Ең қауіптісі – Ертіс. Биыл онда 8 адам суға кетіп, көз жұмған, деп хабарлайды altaynews.kz.
Құтқарушылар сөзінше, олардың бірі – бала, бесеуі – 26-45 жас, екеуі 46-63 жас аралығында. Бір қызығы, суға кеткендердің бәрі де ерлер екен. Барлығы рұқсат етілмеген жерлерде батып кеткен.
"Суға кетудің негізгі екі себебі – ащы су ішу мен өз күшін асыра бағалау", – дейді құтқарушы.
Айта кетейік, осы маусымда Шығыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағы 9 адамды құтқарып қалған екен.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті биыл облыстық білім, туризм, спорт басқармаларымен бірлесіп, бала өмірін қауіптен сақтау мақсатында, 1821 балаға суға жүзуді үйреткен болатын.