Шошқа фермасында 4 жұмысшы қайтыс болды: Еңбекмин арнайы комиссия құрды

416

Оқиғаның себептері анықталады.

Шошқа фермасында 4 жұмысшы қайтыс болды: Еңбекмин арнайы комиссия құрды Фото: polisia.kz

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы адам шығыны орын алған жазатайым оқиғаны тергеу үшін облыстың мемлекеттік еңбек инспекторының басшылығымен арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жазатайым оқиға 2023 жылдың 1 тамызында "EMC Agro" ЖШС-де болды.

Кәсіпорын басшылығы жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін төрт қызметкер шошқа кешенінің аумағынан шықпағанын анықтады. Оларды іздеу барысында шошқа кешені өндірісінің қалдықтарын жинауға және айдауға арналған кәріз құдығынан 4 қызметкердің мәйіті табылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып, қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, полиция жұмысшылар газдан уланған болуы мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу