Швейцария елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

557

Мұхтар Тілеуберді  У. Шмидке ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

Швейцария елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Урс Шмидті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуде министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін У. Шмидке ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу