Шығыс Қазақстанда инвесторларға арналған интернет-портал жұмыс істейді

1480

Шығыс Қазақстанда инвесторларға арналған интернет-портал жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысында аймақтың дамуына қосымша қаражат тарту мақсатында invest.e-vko.kz инвестициялық порталы іске қосылды. Сайтта аймаққа инвестиция құйғысы келетін кәсіпкерлер үшін облыстағы мүмкіндіктер мен ресурстар, болашағы зор деген салалар көрсетілген.

Ақпараттық ресурста инвесторларға қолайлы болу үшін Шығыс Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері арнайы бөлімдерде айтылады. "Аймақ туралы" деген тарауда облыстың маңызды әрі бәсекеге қабілетті экономикалық салалар, ал "Инвесторға көмек" тарауында инвесторларды қолдау шаралары, оларға тиесілі жеңілдіктер туралы ақпарат берілген. Сонымен қатар, ақпараттық сайтта облыстың инвестициялық картасы және индустриялды аймақтарымен танысуға болады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге ең қажет ақпарат "Инвестжобалар" тарауында берілген. Онда ондаған жоба бойынша қаржылық есептер, байланыс мәліметтері бар.

Сонымен қатар, инвестициялық портал ШҚО-да 20-21 қазан күндері өтетін "Алтай Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумның жаңалықтарымен толықтырылады. Айта кетсек, форумның өзінің altaiinvestforum.kz деген жеке сайты бар.

ШҚО баспасөз қызметінің мәліметінше, сайттағы барлық ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде берілген. Порталдың мобильді нұсқасы мен Android, IOS және Windows-қа арналған қосымшалары да бар.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу