Шығыс Қазақстанда мұз өткелінен өтіп кеткен жүргізуші сотталды

521

Шығыс Қазақстанда ескертуді елемей мұздан өткен жүргізуші екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Шығыс Қазақстанда мұз өткелінен өтіп кеткен жүргізуші сотталды Фото: фото ашық дереккөзден

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 6 желтоқсанында Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жүргізуші ескертуді елемей, мұз өткелінен өткен. Нәтижесінде жеңіл көлік суға батып кетті. Көлікте 5 адам болған. Олардың төртеуі көліктен шығып үлгерген. Ал 1950 жылы туған әйел адам суға батқан болатын. 

2 наурызда Самара ауданының соты жүргізушіге қатысты қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қарады (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу).

- Ер адамның асырауында жас бала болғандықтан жаза жеңілдетілген. Күдікті екі жарым жылға бас бостандығынан айырылып, бес жыл ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу