154 аппараттың бірінші партиясы облыстық бюджет есебінен сатып алынып, Өскеменге жөнелтілген. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан айтты, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Тәжірибе көрсеткендей, коронавирустық түрдегі пневмонияны емдеудің ең маңызды факторларының бірі – оттегі терапиясы. Ылғалданған оттегінің тұрақты берілуі науқастардың денсаулығына оң әсер етеді. Өңірде аурудың өсуі мен оттегіні гиперптұтыну салдарынан концентраторлардың жетіспеушілігі болғаны рас", – деді Илияс Тұңғышқанұлы.
Сонымен қатар, тағы 125 құрал облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының демеушілік қаражаты, 85 жеке демеушілер есебінен сатып алынды, BI Group холдингінен 100 құрал және 133 аппарат облыстық бюджет есебінен жеткізіледі деп күтілуде. Тамыз айында Шығыс Қазақстанда 600-ге жуық оттегі концентраты болады.