Шымкентте инновациялық медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады

420

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте инновациялық медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады Фото: ortcom.kz

Мегаполисте дәрілік инновациялық компаниялар тобынан медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады, деп жазады inbusiness.kz. 

Олар дәрілік нысандарды әзірлеумен, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізумен, экстракциялау технологияларын, сапаны бақылау, стандарттау әдістемелерін қолданумен айналысатын болады.

"Өңірде Оңтүстік Қазақстанның толық циклді фармацевтикалық кластері табысты жұмыс істеп жатқаны белгілі. Бұл кластер 2024 жылдан бастап қоса қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауға ие болады. Оны профессор Бекайдар Нұрмашев басқарады. Сондықтан Шымкентте медициналық-фармацевтикалық кластерді дамыту үшін маңызды артықшылықтар бар: білікті кадрларды даярлау жүйесі, өткізу бойынша серіктестер, сервистік және инфрақұрылымдық қолдау. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы қиын жағдайда әр мемлекет өзі үшін жауап беретінін көрсетті. Сондықтан отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселесі елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселесі болып табылады", деп атап өтті Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. Лаура Ахметнияз.

Бекайдар Нұрмашевтың сөзінше, бірлескен үйлестірілген іс-қимылдардың мақсаты – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу саласындағы зерттеулер, импортты алмастыру саясаты шеңберінде ел аумағында өндірістік массаның шоғырлануы. 

"Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Нахипбековтың айтуынша, Шымкентте медициналық-фармацевтикалық кластер құру дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін дамытуды жеделдетуге, сондай-ақ еліміздің импортталатын фармацевтикалық өнімге тәуелділігін қысқартуға мүмкіндік береді.

"Химфарм" АҚ-да Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластері және Вонжу медицина өнеркәсібі ((WMIT) – Оңтүстік Кореяның медицина өнеркәсібінің кластер-қаласы  арасында ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

Екі тараптың пікірінше, бұл өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетін дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерге бастама береді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндіріс үлесін 50%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 3 медициналық-фармацевтикалық кластер құру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу