Шымкенттік ана оныншы баласын дүниеге әкелді

983

41 жастағы келіншек бұған дейін 6 ұл, 3 қызды өмірген әкелген.   

Шымкенттік ана оныншы баласын дүниеге әкелді

Шымкент тұрғыны Айжан Пайшанова он баланың анасы атанды. Ол қалалық перинаталды орталықта оныншы сәбиін, маңдайы торсықтай ұл баланы босанды. Қазіргі таңда ана мен нәрестенің жағдайы жақсы. Перинаталды орталықтың медицина қызметкерлері оныншы баласын босанған анаға ерекше сый-құрмет көрсетіп, сыйлық табыс етті.

"Бір ананың он бала дүниеге әкелуі - біз үшін қуанышты жәйт. Әрине, бұл үшін ананың денсаулық жағдайы жақсы болса дейміз. Көп балалы отбасыдан шыққан балалар бауырмал, қамқор болып келеді. Көп балалы аналар біз үшін нағыз батырлар", – деді орталық мамандары.

Батыр ана өз кезегінде ақ халаттыларға аналық алғысын жеткізді.

"Мына Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздерге, бәріңізге рахмет айтамы. Мұнда аналарға барлық жағдай жасалған. Дәрігерлердің аналар мен балаларға ерекше ықыласпен қарайды", – деді алтын құрсақты  Айжан Пайшанова.

Шыкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласында жыл басынан бері  4892 сәби дүние есігін ашқан. Өмірге келгендердің басым бөлігі ұл балалар екен.  

Жансая Тәуекелқызы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу