Шымкенттік науқаспен бір автобуста болған 51 жолаушының 35-сі карантинде

866

Қалғаны іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті. 

Шымкенттік науқаспен бір автобуста болған 51 жолаушының 35-сі карантинде

"Автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылды. Қазір олар карантинде. Ал қалған 16-сы іздестіріліп жатыр. Жақын арада олар да табылып, карантинге жатқызылады", – деді министр.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырудың бұл фактісі 24 наурызда тіркелген еді.
Сондай-ақ Абаев екі қазақстандық науқастың аурудан айыққанын мәлім етті. Оның сөзінше, олар 26 наурызда ауруханадан шығарылады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу