ШЫҰ-ның 2017 жылғы бюджеті Бішкекте өтетін Үкімет басшылары кеңесі отырысында бекітіледі

1006

 ШЫҰ-ның 2017 жылғы бюджеті Бішкекте өтетін Үкімет басшылары кеңесі отырысында бекітіледі

2-3 қарашада Бішкекте ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан". Отырыста  басты назар ШЫҰ елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын дамыту перспективаларына аударылатын болады. Үкімет басшылары ШЫҰ мемлекеттерінің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының іске асырылу барысын қарайды", – деп хабарлады РФ үкіметінің баспасөз қызметі.  Сонымен қатар күн тәртібінде  2012-2016 жылдарғы кезеңде ШЫҰ аясында  жобалық қызметті одан әрі дамыту шараларының тізімін қарау мәселесі тұр.  Ұйымның  2017 жылғы бюджеті, сондай-ақ 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар тізімі бекітіледі деп жоспарланған.  ШЫҰ Университетін құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім қол қоюға дайындалып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу