СІМ ресми өкілі екі қазақстандық Тайландтағы құлдықтан қалай қашып шыққанын айтып берді

635

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның екі азаматы Тайландтағы құлдықтан қалай аман қашып шыққанын айтып берді. Оның сөзінше, жақында ғана университет бітірген азаматтар инвестициялық компанияға жұмысқа барамыз деп алданып қалған, деп хабарлайды Іnbusiness.kz.  

СІМ ресми өкілі екі қазақстандық Тайландтағы құлдықтан қалай қашып шыққанын айтып берді Фото: toppress.kz

"Бұған дейін айтқанымдай, Азияның оңтүстік-шығысысында құлдыққа түсіп қалатын қазақстандықтар бар. Бұл проблема. Әйгілі үшбұрыш – Тайланд, Мьянма және Лаос елінің шекарасында орналасқан. Бізде жақсы жаңалық бар. Сол жақта болған (еңбек құлдығында) екі азамат жақында үйіне қайтты", - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, жас жігіттер Сыртқы істер министрлігінен өздері жайлы ақпарат таратпауды өтінген.

"Таяуда ғана біз оларды тұтқыннан қашып шыққанын білдік. Олар тұрған локациядан білгеніміздей, оларға жергілікті тұрғындардың бірі қашуға көмектескен. Әлбетте, ол үшін әлгі адам ақы алған. Бізге жаңалық жеткеннен кейін біз оларға тыныш жерде тығылуға кеңес бердік. Сол жаққа халықаралық үкіметтік емес ұйым арқылы қызметкерімізді жібердік. Ол азаматтарды қаладан аоып шығып, отельге тықты. Бангкоктағы біздің консул түнде автокөлікпен шығып,соларға келіп, Бангкокқа алып кетті", - дейді ол.

Алтын үшбұрыш - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы географиялық аймақ. Ол Тайланд, Мьянма және Лаос аумақтарын қамтиды. Әлемге есірткі өндірісі мен саудасымен танымал. ХХ ғасырдың ортасында жергілікті және жаһандық элиталармен байланысты ұйымдасқан қылмыс синдикаттар апиын өндірісі мен саудасы жүйесін осы жерден бастаған. Мьянма дүние жүзіндегі апиынның 25 пайызын өндіретін Ауғанстаннан кейінгі екінші ірі апиын өндірушісі. Апиын өндірісі негізінен Шань және Качин штаттарында шоғырланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу