Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Түркиядағы елшісінің атышулы сөзіне қатысты түсініктеме берді.
"Кейбір түркиялық БАҚ-та біздің Түркиядағы елшіміз Тәуелсіздік күніне байланысты қабылдауда "Қазақстан мен Түркияның тамыры мен мәдениеті, тілі ортақ екенін", "келешекте бір мемлекетке кірігетінін айтты" деген ақпарат шықты. Елшілікпен хабарластым, ол шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені жергілікті журналистер басқаша түсінген. Біздің елшінің сөзінен дәйексөз келтіре аламын: "Біз – екі бөлек мемлекетпіз. Бірақ тарихы, тамыры және мәдениеті бір халықпыз", – деп айтылған. Осы сөзді бұрмалап, жергілікті Түркия бұқаралық ақпарат құралдары басқаша беріп жіберген. Сондықтан бұл ақпаратты да тексеруді сұраймыз. Кейір бұқаралық ақпараттар Сыртқы істер министрлігіне хабарламай, ақпартты тексермей бере беретін болған", – деді СІМ өкілі.
Есімжан Нақтыбайұлы