"СҚ-Фармация" басшылығы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қырына ілікті

1006

Тергеу амалдары осы айдың соңына дейін жалғаспақ.

"СҚ-Фармация" басшылығы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қырына ілікті

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Биылғы жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "СҚ-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, ол ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады", – деп жазылған агенттік таратқан хабарламада. 

Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізбек. 

"Талданатын сала халық үшін өзекті екенін ескере отырып, СҚ-Фармацияның құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді хабарлауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады", – деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада. 


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу