Шымкентте "Аrtsport" жобасының қаржысын жымқырды деген айыппен басқарма басшысы ұсталды

711

10 миллион теңге ұрланған.

Шымкентте "Аrtsport" жобасының қаржысын жымқырды деген айыппен басқарма басшысы ұсталды

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына, биылғы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып "Аrtsport" платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, 10 миллион теңгедей ұрланған.

Балалардың үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтер берілген екі факті тіркелген.

Айта кетсек, спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Антикордан енді бюджет қаражатын иемдену бойынша осыған ұқсас фактілер бар-жоқтығы тексеріліп жатқандығы хабарланды.

"Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу