"СК-Фармация" ЖШС-ның жобалық тобы және дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер тасымалдау және оларды сақтау бойынша қызмет көрсететін жеткізушілер COVID-19 індетінің екінші толқынына дайындалу мәселелерін талқылады. Отырыс барысында олар еңбек және көлік ресурстарының, керекті жабдықтардың жеткіліктілігі мен қоймалардың дайындығын сөз етті.
Тараптар жаңа логистика жүйесінің коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайын екенін мәлім етті.
Бұған дейін "СК-Фармация" логистиканың айрықша жүйесін енгізген еді. Яғни енді керекті дәрі-дәрмектер қалалар мен ауылдардағы әр дәріханаға дер кезінде жеткізіліп тұрады. Дистрибьютер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент сияқты ірі логистикалық хабтарда логистикалық жүйені ретке келтірген.
Табиғат Нұрболат